Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада музейде жастармен кездесу өткізілді

Қызылордада музейде жастармен кездесу өткізілді

Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» музейінде «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарабевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Жастармен кездесу өскелең ұрпақтың рухани адамгершілігін, мәдени тәрбиесін, патриоттық сезімін арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Кездесуге жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты. Оларға музей залдарына тарихи-танымдық экскурсия жүргізілді.
«Ақмешіт» музейі 2005 жылы Қызылорданың республика астанасы болғанына 80 жыл толуына орайы ұйымдастырылды. Музейге ХХ ғасырдың басында салынған ғимарат берілді. Бұл архитектуралық ескерткіштің әдемілігі өткен ғасырдағы өлкеміздегі сәулет өнерінің даму деңгейін көрсетеді. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Музей экспозициясы жасалды. Оған Орынбор, Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары жайлы экспонаттар қойылған.
Экспозициялық залдарда Ақмешіт-Перовск қалаларының тарихы, «Қызылорда - Қаз ССР-ның астанасы», Қазақ Орталық Атқару комитеті төрағасының жұмыс кабинеті, ХХ ғасырдың басындағы зиялы адамдардың тұрмысы жайлы көрсетілген.
25 қазан 2019 ж. 255 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области