«АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен музейде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» кіші бағдарламасы және Қазалы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай жерлесіміз, балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рахат Наурызбаевамен «Ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешін музей директоры Роза Асанова ашып, Рахат Наурызбаеваның туысы Ботабай Рыстығұлов пен шығармашылықтағы әріптесі «Алаш» сыйлығының лауреаты, Шиелі ауданының құрметті азаматы Қатира Жаленова, музей жанындағы "Өнеге" бірлестігінің мүшесі Кәрім Баймұратов өз лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, шара барысында музей жанындағы "Жас ғанитанушылар" үйірмесінің мүшелері Рахат Наурызбаеваның шығармашылығындағы өлеңдерін оқып, Рахат апайдың шығармашылығы туралы әңгіме өрбіді.
Шара соңында ақын туған жеріне тағзым етіп келіп отырған кездесу кешіне қатысқан қонақтарға ыстық лебізін білдіріп, шығармашылығындағы кітаптарын шара қонақтарына табыс етті.