Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада уран концентратын сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Қызылордада уран концентратын сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында 240 кг уран концентратын сату әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-бөлігі бойынша «радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» айып тағылды. Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар)» делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.
Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді.

28 қазан 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области