Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан мен Ресейде бензин бағасы қашан теңеседі?

Қазақстан мен Ресейде бензин бағасы қашан теңеседі?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мен Ресейдің жанар-жағармай бағасын теңестіру мәселесі біртіндеп жүзеге асырылатын болады. Бұл жайында Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресеймен бағаны теңестіру мәселесі бір күннің шаруасы емес. Біз бұған дейін бірыңғай нарыққа ену туралы келісімге қол қойған едік. Бұл нарыққа Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь сынды елдер кіреді. Дегенмен, бұл 2025 жылы орын алады», - деді министр.
Қанат Бозымбаев Қазақстан мен Ресейде бензин бағасының бірдей болатындығы туралы айтуға әлі ерте екендігін ескертті.
«Өйткені, бағаны теңестіру мәселесін дұрыс түсіну қажет. Бұл біртіндеп жүзеге асырылады. Бұл бір күннің, бір айдың, тіпті бір жылдың ішінде шешіле салатын мәселе еместігін түсіну маңызды», - деді ол.
30 қазан 2019 ж. 315 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру