Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Алаш қозғалысы жайында конференция өтті

Қызылордада Алаш қозғалысы жайында конференция өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Алаш қозғалысы идеясы және тәуелсіз Қазақстан» атты танымдық-тағылымдық конференция өтті.
Шара Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
Конференция жұмысына жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесі, қаладағы жоғары оқу орындарының тарихшы-әдебиетші оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, жас ізденушілер, мұғалімдер, студенттер және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шара барысында қоғам қайраткері Сайлаубай Әбішев және Сара Тайманова, Меруерт Аңсатова сынды ғалымдар баяндама жасады. Баяндама барысында бұдан бір ғасыр бұрын қазақтың зиялы азаматтарының Ресейде тұңғыш ұлттық «Алаш қозғалысын» құрғаны жайында жан-жақты айтылды. Онда басқару жүйесін қалыптастырудағы мақсаты және 1917 жылы белең алған саяси өзгерістер Алаш қозғалысына жаңа мүмкіндіктер мен жауапты міндеттер жүктегені таразыланды. Сол тұста алаш зиялылары Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін ерен еңбектер жасады.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов Алаш қозғалысының ғибраты, қайраткерлеріміз жүріп өткен жол, олардың күресі, қаламгерлердің көркем ойлары жайында кеңінен айтып өтті. Конференция жұмысын «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова жүргізді.
Конференция барысында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана кең көлемді «Алаш мұрасы-мәңгілік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Оған қоса Алаш қайраткерлері жайлы бейнесюжет көрсетілді.
30 қазан 2019 ж. 323 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области