Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қызылордада қазақ әдебиетіндегі жазбаша айтыс талқыланды

Қызылордада қазақ әдебиетіндегі жазбаша айтыс талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Қазақ әдебиетіндегі жазбаша айтысу дәстүрі» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оны өткізуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы ұйытқы болды.
Аталмыш конференцияға әдебиетші, тарихшы, тілші-ғалымдар және студенттер қатысты. Конференция тақырыбына сәйкес ғалымдар баяндамалар жасады.
Жоғары оқу жанындағы қорқыттану және өлке тарихы ғылыми зерттеу институтының директоры, филолоия ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы Қызылорда облысы басшылығының қолдауымен шығарылған «Сырдария» кітапханасына енген «Сыр сүлейлерінің жазбаша айтыстары» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Ал филология ғылымдарының кандидаты. Ұ.Жанбершиева «Сыр бойындағы ақындық мектеп және әдеби дәстүр», филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов «Жазбаша айтыстың тіл ерекшелігі» тақырыбында тағылымды ой қозғады. Ал қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының магистранты Н.Әбдіқожаеваның «Тұрмағамбет Ізтілеуұлының жазбаша айтыстағы аралық сөздері» тақырыптарындағы баяндамасы қызылордалық ғалымдар тарапынан жоғары бағаланды.
19 маусым 2019 ж. 703 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области