Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда ауданында көлік қаққан 3 адам қайтыс болды

Жаңақорғанда ауданында көлік қаққан 3 адам қайтыс болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық елді елді мекенінде көлік қаққан 3 адамның екеуі оқиға орнында, ал, біреуі медициналық мекемеге жеткізіліп, кейіннен туған жеріне оралған соң қайтыс болған.
Бұл оқиға «Жаңақорған-Төменарық» тасжолында орын алған. Төменарық ауылының тұрғыны өзінің «Renault Logan» маркалы автокөлігімен жол үстінде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, үшінші жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
«Қазіргі таңда автокөлік жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал, оқиға орнында мерт болған бір адамның туыстарының айтуынша, үшінші адам – Шымкент қаласынан екен. Ол медициналық мекемеге жеткізілгеннен кейін, сынған аяғына гипс салынған.
Бірақ, туған жері – Шымкент қаласына жете берген тұста өмірден озған екен.
Сондай-ақ, оқиға орнында қайтыс болған 2 адамның біреуінің туыстары кісі өліміне себепкер болған автокөлік жүргізушісіне кешірім бергендігін жеткізді.
31 қазан 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области