Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді параның 10 пайызы жемқор туралы ақпарат берген адамға төленбек

Енді параның 10 пайызы жемқор туралы ақпарат берген адамға төленбек

Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев парақорларды әшкерелеуге көмектескен азаматтарға сыйақы беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шпекбаев агенттік алқасында сыйақы берудің жаңа жолын түсіндірді.
"Егер пара мөлшері 2,5 миллион теңге болатын болса, сол соманың 10 пайызын беру ұсынылады. Бірақ бұл сома 10 миллион теңгеден аспауы керек. Бұл бастаманы барлық меморгандар қолдады. Таяу уақытта үкіметте қажетті үкім шығарылатын болады", - деді Шпекбаев.
Сондай-ақ, ол Integrity Check бағдарламасы арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бақылаушы құзырлы органдар қызметкерлерінің адалдығын тексеретіндерін айтты.
"Бұл шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін анықтауға бағытталған алдын алу құралы. Оны агенттік, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жеке қауіпсіздік бөлімшелері ерекше іс жүргізу аясында құпия әдістермен және қатаң түрде соттың санкциясымен жүзеге асырады", - деді Шпекбаев.
Оның айтуынша, адалдық тексерісінен өтпеген, материалдық немесе өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісім білдірген адам қылмыстық қудалаусыз жұмыстан босатылады.
31 қазан 2019 ж. 312 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области