Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖЕҢІЛДІКПЕН БАСПАНА АЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖЕҢІЛДІКПЕН БАСПАНА АЛАДЫ


Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруда жеңілдіктер беру шаралары әзірленіп жатыр.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
"Қазіргі уақытта агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы, "7-20-25" бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Менің ойымша, бұл тәсілдер мемлекеттік қызмет үшін қолайлы болады", - деді Алик Шпекбаев Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда.
Бұған дейін Алик Шпекбаев 2019 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жаңа жүйемен төленетінін, еңбекақының едәуір ұлғаятынын хабарлаған еді.
BNews.kz
08 маусым 2018 ж. 565 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области