Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы жобаны іске асыру мақсатында және агенттік төрағасымен бекітілген Кешенді жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашу бойынша Меморандумға қол қойды.
  Ендігі жерде, Қызылорда қаласындағы барлық мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет бірыңғай орталықта көрсетілетін болады. Меморандумға сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің медициналық кеңес алуы, емдеу шараларын пайдалануы, сондай-ақ, жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтуі қамтамасыз етіледі.
Департамент басшысы А.Мұхимов мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай медициналық қызмет көрсету орталықтарын ашу мәселесі еліміздің барлық аймақтарында да қарастырылып жатқандығын атап айтты.               
27 сәуір 2018 ж. 735 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области