Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мемқызметшілерді пара беріп тексереді

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мемқызметшілерді пара беріп тексереді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мемқызметшілердің адалдығын тексеру тәсілдері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің адалдығын тексерудің жаңа тәсілдері ішінде «Itegrity-check» деген бастама бар.
«Мәселен, сыбайлас жемқорлық қаупі бар лауазымдар болады. Ал ондай қызметте отырған адамдарды тексеріп тұру қажет. «Itegrity-check» аясында оларға заңсыз сыйақы алуға ұсыныс жасалады. Егер мемқызметкер ондай ұсынысқа келісім берсе, онда мемлекеттік қызметтен шеттетілетін болады», - деді О.Бектенов мемлекеттік қызметті жаңа форматта қалыптастыруға арналған панельдік сессияда.
Бұдан бөлек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізуді жоспарлап отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы да соған басымдық беріп отыр. Ал БҰҰ Жемқорлыққа қарсы конвенциясында нақты талап бар.
«Конвенцияның 20-бабында заңсыз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу міндеті жазылған. Қазақстан аталған құжатты 2008 жылы ратификациялаған болатын. Осыған байланысты бүгінде біз осы идеяны жан-жақты дамытып, басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. 2020 жылы кірістер мен шығыстарды жалпыға ортақ декларациялау енгізілетіні белгілі. Соның аясында заңсыз байығаны үшін жауапкершілікті енгізген дұрыс деп санаймыз. Мәселен, шенеуніктің шығыстары кірісінен артық болса, белгілі бір жауапкершілік қарастырылуы шарт», - дейді О.Бектенов.

26 ақпан 2019 ж. 416 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области