Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада өрт кезінде балконнан секірген азамат мерт болды

Қызылордада өрт кезінде балконнан секірген азамат мерт болды

Kyzylorda-news.kz. Кеше Қызылорда қаласы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шықты. Оқиға салдарынан 3-қабаттағы пәтер тұрғыны балконнан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл оқиға кеше, яғни 31 қазан күні сағат 16.05 шамасында «Шұғыла» мөлтек ауданындағы №40 үйде орын алған.
Тілсіз жаудың кесірінен пәтердегі тұрмыстық заттар өртенген. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндіру қызметкерлері сағат 16:31-де пәтер ішіндегі өртті толығымен өшірген. Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан.
«Куәгерлердің айтуы бойынша, 3-қабаттағы үй иесі 46 жастағы ер адам өрттен қорғану үшін терезеден секіріп, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп - тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
01 қараша 2019 ж. 294 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области