Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Илья Ильин: «Допинг дауынан кейін қаншама көз жасым кетті»

Илья Ильин: «Допинг дауынан кейін қаншама көз жасым кетті»

Kyzylorda-news.kz. Илья Ильин допинг дауына қатысты өміріндегі аса ауыр кезеңді өткеріп, күйзелістен қалай шыққанын айтты. Ұзақ уақыт бойы үнсіздік сақтап келген спортшы бар жетістіктері жоққа шыққан қиын сәті туралы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Зілтемірші бұл спорт түрі үшін бар уақыты мен денсаулығын қиғанын айтып, орын алған жағдайды әділетсіздік деп санайтынын жеткізді.
"Оңай емес. Бұл жағдай Риодағы олимпиадаға үш ай қалғанда орын алды. Мен сол кезде керемет формада болдым. Олимпиаданы жеңуге дайын тұрған едім.
Маған келіп айтты, әлде елордаға шақыртып хабарлады ма, нақты есімде жоқ. Бірден қимылдап, заңгерлерді жалдамақ болдым. Үрдіс басталып кетті. Содан кейін, бір аптадан соң мен тіпті залға бармай кеттім. Ауыр атлетикаға, штaнгаға қарай алмай кеттім. Яғни, жігіттер олимпиадаға дайындалып жатқанда мені осылай "лақтырып" жібереді. Кілең негатив болды. Бұл оқиғалардан тек қана жағымсыз деңгейдегі әсер алдым. Жаным ауырды. Сондай жақсы дайындықта болдым. Жеңуге әзір едім. Дәл сол уақытта әдемілеп тұрып, "тоқта" деп жазып берді. Мен бұл спортқа барымды бердім. Әрине, жыладым. Бір күні отырып, өз лентамда жетістіктерімді қарап отырып тіптен өкіріп тұрып жылаған кездерім де болды. Қанша көз жасым кетті. Саналы ғұмырыңды арнағаныңда осылай астыртын жасалғаны әділетсіз әрі дұрыс емес", - деді Илья.
Алайда, спортшы бұл оқиғаны не себепті әзілетсіз санайтынын әзірге айтуға дайын емес екенін білдірді.
"Бізге қатысты болған жайттардың барлығы жүз пайыз әділетсіз. Неге екенін айтпай-ақ қояйыншы. Бәлкім кейін бір айтармын. Бұл өмір, кейде бір нәрсені біліп тұра айтпаймыз. Сол сияқты. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Қаншама спортшы осындай оқиғадан кейін мансабын аяқтады. Біз мықтымыз, қолымыздан бәрі келеді. Жұмыс істеу керек. Маған спорт ұнайды. Мұндай жағдай ауыр атлетикада алғаш рет болып тұр. Бұған дейін 2004 жылғы нәтижелерді тексергені болды. Алайда, ең ауқымдысы біздің еншімізде. 2000, 1996, 1998 жылдарды неге тексермейді онда? Сұрақтар жетерлік", - деді Илья.
01 қараша 2019 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области