Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорықшы өлімі: Сотталушылардың бірі қызылордалық экс-полицей болып шықты

Қорықшы өлімі: Сотталушылардың бірі қызылордалық экс-полицей болып шықты

Kyzylorda-news.kz. Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне күдіктілердің біреуі бұрынғы жол полициясы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.
Қарағанды облыстық ауданаралық мамандандырылған сотта қоғамда резонанс тудырған іске қатысты алдын ала тыңдалым басталды. Мұның алдында істі прокурорға қайтару туралы өтініш түскен болатын. Судья Бекзат Шалғымбаев аталған өтінішті қанағаттандырып, істе қылмыстық-процестік кодекске қарама-қайшылықтар бар екенін атап өтті.
Іс судья Қайрат Қасымовтың өндірісіне беріліп, анкеталық мәліметтерден күдікті Жарасхан Мырзабаевтың бұрын Қызылорда облыстық жол полициясының аға инспекторы болып жұмыс істегені жария етілді.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысында инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкаға браконьерлер шабуыл жасады. Сол оқиғада «Охотзоопром» инспекторлары ауыр жарақат алып, Ерлан Нұрғалиев көз жұмды.
01 қараша 2019 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области