Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Қызылордада 26 адам суға кеткен

Биыл Қызылордада 26 адам суға кеткен

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ағымдағы жылдың 9 айы бойынша қорытынды кеңес өтті.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев биылғы 9 айдағы қызметтік жұмыстарының нәтижелері, жетістіктері және алға қойылған басым міндеттері мен мәселелері туралы баяндама жасады.
Биыл облыс аумағында 198 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді. Төтенше жағдай салдарынан 119 адам зардап шегіп, 23 адам қаза болды.
Жалпы суға кеткендер саны 26 адам, оның 11-і бала. Шомылу маусымы кезеңінде оқыс оқиғалар Қызылорда қаласы Жаңақорған және Қармақшы аудандарындағы су айдындарында жиі тіркелді.
Сонымен қатар аймақта 393 өрт болып, 5 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алған. Олардың 275-і тұрғын үйлерде болған өрт оқиғалары. Сондай-ақ жыл басынан бері 24 адам көмірқышқыл және табиғи газға уланып, ауруханаға жатқызылған, оның 15-і ересек адамдар, 9-ы бала.
01 қараша 2019 ж. 298 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области