Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда желдеткіші, бейнебақылауы, биодәретханасы, телефон қуаттағышы, Wi-Fi бар вагондар іске қосылды (ФОТО)

Қазақстанда желдеткіші, бейнебақылауы, биодәретханасы, телефон қуаттағышы, Wi-Fi бар вагондар іске қосылды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Биыл отандық темір жол паркіне ресейлік Тверь вагон зауыты технологиясы бойынша барлығы 63 жаңа вагон қосылды, деп хабарлайды Informburo.kz.
25 вагон осыдан үш ай бұрын іске қосылып, шілде айынан бері "Алматы – Маңғыстау" бағытында қатынайтын пойыздардың қатарын толықтырған. Екінші кезегі 15 вагон қыркүйек айында пайдалануға қосылған. Бүгін 23 вагон қолданысқа берілді.
Вагондардың қызмет ету уақыты – 40 жыл. Сағатына 160 шақырымға дейін бағындыра алады.
Вагон ішінде: Кондиционер, өртке қарсы жүйе, су қоры, екі биотуалет, бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
"Бейнежазба бір жарым айға дейін сақталады. Барлық таспа штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Купеде әр орынның тұсында және дәлізде 220 Вт қуат беретін екі розетка мен ұялы телефонды қуаттандыруға арналған екі USB порт қарастырылған", – деді "Тұлпар-Тальго" зауытының өндіріс бойынша директоры Рамазан Тілеуленов.
Айтуынша, вагонның ұзындығы 25,5 метр жарым, Бұрынғы Тальго вагондарынан кеңдеу. Есіктердің бәрі автоматты түрде ашылып, жабылады.
Вагодар 50 градус аяз бен 45 градусқа дейінгі ыстыққа есептелген.
Вагонда жолсерікке арналған тоңазытқыш пен пеш, ауыз су диспансері мен ыстық су титаны бар.
"Жаңа вагондардың алғашқы партиясы Алматы мен Маңғыстау аралығына жүре бастаса, соңғы 23-нің Нұр-Сұлтандағы, Атырау мен Маңғышлақ станцияларға қатынайды. Келесі жылы тағы 146 вагон шығарылады. Әзірге ол вагондардың қайда қатынайтынын мен айта алмаймын. Келісімшартқа әлі қол қойған жоқпыз", – деді Рамазан Тілеуленов.
"Көбі 80-90 жылдарғы ескі вагондар. Бірақ вагондар 40-50 жылға дейін жүреді. Бүгінде біз келер жылы қанша вагон ауыстыру керек екенін есептеп жатырмыз. Алдағы жылдың басында біз вагондарды сатып алу бойынша тендер жариялайтын боламыз", – дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Михэль Кортюм.
Айтуынша, биыл жазда 150-ге жуық вагон жетіспеген. Бірақ бұл келесі жылда да 150 вагон керек деген сөз емес. Мүмкіндігімізге ескі вагондарды жөндеуден өткізіп, қайта пайдалануға тырысамыз, дейді ол,
Вагондар ресейлік Тверь вагон зауыты технологиясы бойынша "Тұлпар-Тальго" зауытында шығарылған.



01 қараша 2019 ж. 334 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области