Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жоғалып кеткен балалар ойын-сауық орталығынан табылды

Қызылордада жоғалып кеткен балалар ойын-сауық орталығынан табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада үйінен шығып кеткен 8 және 11 жастағы екі бала тәртіп сақшыларының көмегімен табылды.
Қала тұрғыны полиция басқармасының кезекші бөліміне екі жасөспірімнің үйінен шығып кетіп қайта оралмағаны жөнінде хабарлаған.
Балаларды іздеу үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция құрамы жұмылдырылып, барлық полиция учаскесіне бағыт-бағдар берілген. Жоғалған балаларды іздеу үшін адамдар көп жиналатын орындар, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттар тексерілді.
«Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Нұрлыхан Рахменшиев пен аға инспектор, полиция капитаны Әлия Нұрмағанбетова, полиция капитаны Бауыржан Тобағабыло балаларды қала орталығындағы ойын-сауық орталығынан тапты. Екі баланың ата-анасына ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Онда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы жағдайы көрсетілген», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
06 қараша 2019 ж. 393 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области