Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметші қалай киінуі қажет?

Мемлекеттік қызметші қалай киінуі қажет?

Kyzylorda-news.kz.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда тігілетін киімдердің сапасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде жақсы дизайнерлер мен отандық өнім шығарушылар өте көп. Қазақстанның оңтүстігінде жұмыс істеген едім. Сол кезде сапасына таң қалдым. Ең алдымен ол жақтағы баға таңданысымды тудырды. Сол кезде бірінші костюм сатып алған едім. Бұл ертеректе болды, 25 мың теңгеге алдым. Бір мұндай баға әкім болғанымнан емес. Сол уақытта баға еді. Бірақ бұған 4 жыл уақыт өтіп кетті», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар министр гардеробында қандай киім бар екендігін айтты.
«Гардеробымда жергілікті жерде тігілген 5 костюм бар. Олар әртүрлі өндірушілерден. Шымкентте конвейерлік костюм сатып алдым. Ол жерде бірнеше кәсіпорын тігеді, бағасы әртүрлі. Барлығы матасына, астарына және тігіншіге байланысты. Қазақстанда жақсы, сапалы өнімдер тігіледі», - деді ол.

Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік қызметшілер қалай киінуі тиістігіне қатысты пікірін білдірді.
«Менің ұстанымым мынадай - мемлекеттік қызметшілер мұнтаздай ұқыпты түрде болуы тиіс. Ерекшеленіп, көзге түсіп тұрмауы қажет. Бұл мемлекеттік қызметі еркекке де, әйелге де қатысты. Бұл енді – әдеп», - дейді министр.
06 қараша 2019 ж. 291 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области