Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ақбөкенді заңсыз сатқандар енді 5 жыл емес, 12 жылға дейін сотталады

Қазақстанда ақбөкенді заңсыз сатқандар енді 5 жыл емес, 12 жылға дейін сотталады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ақбөкеннің дериваттары мен бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымы үшін жаза қатаңдатылды. Ендігі оларды заңсыз сатқандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл қылмысты жасағандар 5 жылға дейін жазаланатын. Бұл туралы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Ақбөкен дериваттары мен бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымын қалыптастырған браконьерлер туралы 339-баптың негізгі ережесі түпкілікті өзгерді», - деді Нысанбаев Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Егер браконьерлікті белгілі бір топ өздері немесе өзге топпен келісім бойынша іске асырса, бұл қылмыс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса және өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып табиғатқа ірі көлемде зиян келтірсе, жауапкершілік күшейетін жаңа талаптар белгіленді.
«Жоғарыда айтқанымдай, санкциялар күшейтілді. Айыппұлдарды өсіріп, абақтыға қамау мерзімін ұлғайту көзделіп отыр. Бұрын ең ұзақ мерзім 5 жыл еді, қазір бұл мерзім 12 жылға дейін ұлғайтылды », - деді вице-министр.
06 қараша 2019 ж. 271 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области