Қызылордада экология талаптарын бұзған 100 нысанның қызметі тоқтатылды
Kyzylorda-news.kz. Облыста ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен уақытша 100 объектінің қызметі тоқтатылды. Табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану бойынша 3 деректерді тиісті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдары мен уәкілетті органдарға ақпараттар жолданған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Марат Құрманбаев мәлімдеді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Марат Құрманбаев мәлімдеді.
«ҚР Энергетика министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасында қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша келісім-шарт негізінде Геопортал жүйесі іске қосылды. Ғарыштық мониторинг арқылы Қызылорда қаласының 50 шақырымдық радиусы аумағында 228 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталды. Бүгінде сала мамандары әрбір рұқсатсыз қалдықтар орындарына анықтау жұмыстарын жүргізіп, жергілікті атқарушы органдарға анықталған қалдықтар орындарын тазарту бойынша анықтамалар берді», - деді Марат Ердаулетұлы.
І санаттағы кәсіпорындарға мемлекеттік экологиялық сараптама барысында, техникалық құрылғыларды герметизациялау іс-шараларын жүзеге асыру жөнінде ескертпелер беріліп,ұйымдастырылмаған шығарындылар көздерін қысқартуға қол жеткізілді.