Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Қармақшыда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қармақшыда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті.
Конференцияны «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова ашып, жүргізіп отырды.
Оған Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов және аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Сондай-ақ, жиында кент пен ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, еңбек және партия ардагерлері, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де болды.
Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Жиында алғашқы болып «Nur Otan» партиясының алдында тұрған міндеттері туралы Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.
Жиында «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасын сайлау, аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, партияның аудандық филиалының және Партиялық бақылау комиссияның 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары сараланды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының ағымдағы жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы хабарламалары тыңдалды.
Айта кетейік, конференцияда «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы болып Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы сайланды.

07 қараша 2019 ж. 431 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области