Қармақшыдағы бастауыш партия ұйымдары ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Kyzylorda-news.kz. партиясы Қармақшы аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жарыс өткізілді.
Жарыстың ашылуында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Дастан Буханов жарысқа қатысушы белсенді партия мүшелеріне сәттілік тіледі.
Сонымен бірге аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Күлжауһар Раева сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының шарасы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытудағы маңыздылығына тоқталды.
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа 16 команда қатысып, орын алған командаларға дипломдармен арнайы кубок табыс етілді.