Қазақстандық маман қараша айында не істеуге болмайтынын айтты
Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық маман қараша айына болжам жасады. Ол күздің соңғы айында қандай істерге басымдық беру қажеттігін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бізде қараша айы "классика мен мәдениет айы" деп аталады. Бұл дегеніміз, көрме, музей, опера, сән, өнер, театр сияқты салаларда көп жаңалық болуы мүмкін. Мәселен, театрда көп қойылым болады, я болмаса, көрмелер көп өтеді. Сән саласында жаңалықтар көбейеді. Әсіресе, дизайнерлер үшін сәтті ай", - дейді нумеролог.
Оның айтуынша, өткен айды әлеуметтік сала, кеден мен салық саласындағы жаңалықтармен жиі байланыстырады. Өйткені әлеуметтік сала қызметкерлері, кеденшілер мен әскери азаматтар көп туған. Ал қараша - музей, архив, кітапхана, театр мен дизайн саласының адамдары көп дүниеге келетін ай.
"Сосын осы айда дүниеге келген адамдар, көбінесе, тарих пен географияны жақыс оқиды. Осыған байланысты шежіре, археология және тағы басқа зерттеулерге арналған кітаптар, тарихи фильмдер шығуы мүмкін. Ғылыми жаңалықтар ашылады", - деп атап көрсетті Бақытқызы.
Нумерологтың сөзіне қарағанда, адамдардың денсаулығы әлсірейді. Басқа айлармен салыстырғанда дәл осы қараша айында денсаулыққа барынша ұқыпты болу керек. Себебі адамдардың энергиясы да, иммунитеті де төмендейді.
"Сондықтан осы айда жақсы демалыс керек, көбірек ұйықтаған дұрыс. Сосын тағамға баса назар аударған жөн. Әсіресе, қант диабеті мен өт жолдарын жақсарту үшін диета ұстау қажет-ақ. Себебі осы санаттағы аурулар қабынуы мүмкін. Бірақ операция болса, шегере тұрған дұрыс", - деп атап көрсетті Бақытқызы.
Нумеролог қараша айы көлік сатып алуға және саяхатқа шығуға өте ыңғайлы кезең екенін ерекше атап өтті. Жалпы, демалысқа баса назар аударған дұрыс.
"Адам көбірек ұйықтаса, көңіл-күйі көтеріледі. Жалпы, мәдени шараларға жиі барып тұру керек", - деді Бақытқызы.