Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдық бақылау жүргізді

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдық бақылау жүргізді

Kyzylorda-news.kz. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері аймақта жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызы бар 4 құрылыс нысанының жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі облыс әкімі бекіткен Жол картасын жүзеге асыру мақсатында аймақтағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарына тиісті бағасын берді.
Кеңес мүшелері құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқан облыстық ішкі істер департаментінің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу-жаттығу полигонына ат басын тіреді.
Одан кейін Жаппасбай батыр көшесіндегі 600 орындық мектепке барды. Аталған екі нысан да осы жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға беріледі. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының маманы Болат Доспанов жұмыс барысымен таныстырды. 600 орынға арналған мектеп нысанының бөлмелері кең әрі жарық, қолданылған құрылыс материалдары да сапалы. Білек сыбана еңбек етіп жатқан құрылысшылардың әрқайсысы өз жұмысын сапалы орындап жатыр. Білім шаңырағы соңғы құрылыс талаптарына сай жаңа жобамен салынуда.
Кеңес мүшелері үшінші нысан теннис орталығына барды. Теннис орталығындағы қарқынды жүріп жатқан жұмыстарға да оң бағасын беріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Осыдан кейін кеңес мүшелері Сырдарияның сол жағалауында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлермен танысты.
Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері алдағы уақытта да осы бағытта ықпалды да пәрменді жұмыс жүргізетін болады.

11 қараша 2019 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области