Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда алкоголь мен дәріден уланғандар саны көбейген

Қазақстанда алкоголь мен дәріден уланғандар саны көбейген

Kyzylorda-news.kz. Алматыда уланған науқастарға кеңес беретін Call-орталық іске қосылады, деп хабарлайды Informburo.kz.
Былтыр елімізде 23 мыңнан астам адам токсиколог мамандардың көмегіне жүгінсе, олардың мыңға жуығын дәрігерлер аман алып қала алмаған. Қайтыс болғандардың 68 пайызы сапасыз алкогольді ішімдіктен уланса, 18 пайызы түрлі қышқылдарды, тағы 8 пайызы дәрі-дәрмекті пайдаланып, ағзасына зиян келтірген. Медициналық препараттарды көбіне суицид жасағысы келгендер шамадан тыс қолданады екен.
Токсиколог мамандарға жүгінетін науқастардың көшін Алматы бастап тұр. Ал медицинаның бұл қызмет түрінің мәселелері республикалық деңгейде. Қазақстан бойынша кадр тапшылығы 60 пайызға жеткен. Сала мамандарының сөзінше, заманға сай химиялық-токсикологиялық жабдықтар жоқ болғандықтан, зертханалық диагностика дұрыс жүргізілмейді. Қолданыстағы зертханалар әбден ескіріпті.
"Қазір бізде ақпарат жинап, оны талдайтын және мониторинг жүргізетін бірыңғай орталық жоқ. Экзогенді улану, уытты заттар мәселелері туралы халық пен медицина қызметкерлерінің білімі төмен. Клиникалық токсикология бойынша ғылыми жұмыс жүргізілмейді. Оның үстіне науқастардың стационарға жеткізілмеу деректері, көмек келгенге дейін үйде қайтыс болғандар мен қылмыстық жағдайда уланғандар есепке алынбайды", – деді қалалық жедел жәрдем ауруханасының токсикологиялық бөлім басшысы Гүлмира Тойбаева.
Бүгінде елімізде бес токсикология бөлімшесі жұмыс істейді, олардың ең үлкені Алматыда. 2020 жылдың басында қалада "Токсикологиялық қызметтердің республикалық үйлестіру орталығы" ашылады. Ақпараттық-консультациялық Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Орталыққа еліміздің барлық өңірінен хабарласып, уланған жағдайда қалай әрекет етіп, қандай ем қабылдау қажеттігі туралы кеңес алуға болады. Мұндай орталықтың ашылуы дәрігерді негізсіз шақыру санын қысқартады. Тиісінше, жедел жәрдем станцияларының жүктемесі азайып, дәрігерлердің уақыты үнемделеді.
"Мысалы, қараусыз қалған кішкентай бала өз бетінше дәрі ішіп қойды делік. Мұндай жағдайда ата-аналар жедел жәрдем қызметі жеткенше Call-орталыққа хабарласып, кеңес ала алады. Дәрімен уланған балаларын сода беріп, емдейтін ата-аналар бар. Бұл дұрыс емес.
Әлемнің көптеген елінде мұндай орталықтар жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-та 61 токсикологиялық орталық бар. Біздің орталық ашылған соң Қазақстандағы токсикологиялық жағдайды есепке алуға, талдауға және мониторинг жүргізуге болады. Сәйкесінше, медициналық көмек көрсетудің сапасы артады. Республикалық токсикологиялық орталық жанынан зертхана ұйымдастыру да көзделіп отыр. Әрі токсиколог дәрігерлерді үздіксіз оқыту жүйесін ұйымдастырамыз", – деді Гүлмира Тойбаева.
Алматыда ашылатын Call-орталық өз тиімділігін көрсетсе, Қазақстанның өзге өңірлерінде де іске қосылатын болады. Сала мамандарының болжамынша, бұл жобаның арқасында уланып қайтыс болатындардың санын екі есе қысқартуға мүмкіндік бар.
11 қараша 2019 ж. 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области