Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде салыққа 65 млн теңге қарызы бар шенеунік анықталды

Елімізде салыққа 65 млн теңге қарызы бар шенеунік анықталды

Kyzylorda-news.kz. Жеке тұлғалар арасындағы салықтар бойынша 65 млн сомасындағы ең үлкен қарыз Асқар Нәбиевке тиесілі, оның 28 млн теңгесі – айыппұлдар. Бұл туралы Kursiv.kz хабарлады.
Нәбиев Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы әкімдігінде бас маман болып қызмет етеді, кезінде Қарағандының жер қатынастары бөлімін басқарыпты.
Осыдан бірнеше жыл бұрын ол жер учаскесін сатып алған. Қаланың әкімшілік шекарасы кеңейтілгеннен кейін, салықтық мөлшерлеме күрт өскен. Қазір қарыз мәжбүрлеп қайтарылуда – шендінің еңбекақысының бір бөлігі берешекті өтеуге ұсталуда. Бұдан бөлек, сатылымға борышкердің меншігіндегі екі автокөлік пен жер учаскесінің өзі шығарылған. Бірақ бұлардың соңғысын сату мүмкін болмады: екі ретте де сатып алушылардың болмауы салдарынан, аукцион өткізілмей қалды, - дейді Қарағанды облысы Мелекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлнар Бекенова.
МКД мәліметтері бойынша, 22 мыңнан астам жеке тұлғаларға салық рақымшылығы жасалыпты, ал борышкерелер тізімінде барлығы 88,7 адам бар екен.
2019 жылғы бірінші қарашшаға дейін 22,1 мың жеке тұлға 173,9 млн теңге сомасындағы салық қарыздарын өтеді. Соның нәтижесінде, олардың мойнындағы 66,8 млн теңге сомасындағы айыппұлдардың күші жойылды. Барлығы 88,7 мың салық төлеушінің өтелмеген борышының сомасы 1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде, 332,2 млн – айыппұл, - деді сөзін нақтылаған мемкірістер департаментінің қызметкері.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер болып табылмайтын 57 жеке тұлғаның 15 жыл бұрын кәсіпкерлік қызметке қатысы болған 974 мың тенге қарызы анықталған, олардың 400 мың теңгесі – айыппұлдар, салық рақымшылығы аясында солардың күші жойылыпты.
Не салық төлеуші дұрыс есеп бермеген, не бір жүйеден екінші жүйеге көшкенде қате жіберілген, - деді жағдайды түсіндірген Бекенова.
Естеріңізге салсақ, жеке тұлғалар үшін Қазақстандағы салық рақымшылығы 2019 жылғы 16 маусымда басталған болатын. Жеке тұлғалар үшін айыппұлдардың күшін жоюдың жалғыз шарты мүлік, жер және көлік салығының негізгі қарызын өтеу болып табылады. Рақымшылық 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін созылады.
11 қараша 2019 ж. 317 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области