Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көктайғақ, бұрқасын, жел – сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ, бұрқасын, жел – сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, батыстың, солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон шоғырының әсерінен күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады», делінген хабарламада.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді,
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
13 қараша 2019 ж. 292 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области