Жауын, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 24 қазанда солтүстік өңірлерде жауын жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«24 қазанда Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық ағын бөліктерінің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын жауады (арты көбінесе қарға айналады).
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстікте-шығыста көктайғақ күтіледі, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғуы ықтимал», делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.