Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының даму стратегиясы бекітілді

Қызылорда қаласының даму стратегиясы бекітілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Қылышбай Бисенов төрағалық еткен сессияға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау және атқарушы органдарының аумақтық бөлімдерінің басшылары, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.
Сессия күн тәртібіне ұсынылған «Қызылорда қаласының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын бекіту туралы» мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов хабарлама жасап, даму стратегиясының жобасында қаланың сәулеттік келбеті ретке келтірілген, жаңартылған, креативті жаңа салалармен толықтырылатындығын жеткізді. Одан соң, «ГеоДатаПлюс» ЖШС-нің директоры Людмила Кузнецова қаланың даму стратегиясын әзірлеу жұмысы кезінде өңіріміздің өзгешелігі назарға алынғандығын айтып өтті.
Депутат Ибайдулла Құттықожаев аталған мәселе бойынша ұсынылған жаңа жобалар мен болашақта жасалатын жұмыстарға депутаттық қолдауын білдірді. Депутат Тілеуберген Шаутай халықты қолжетімді ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін, қалаға жақын орналасқан елді мекендермен де жоспарлы түрде жұмыс жасалуы қажет екендігін және қаланың сәулет құрылысында ұлттық нақыштағы архитектураға көңіл бөлінсе деген өз ұсынысын айтты.
Сессия барысында депутаттар тарапынан болған ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, шешім қабылданды.
13 қараша 2019 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области