Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

14 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы арнайы қарарында жарияланған. 2007 жылдан бастап, жыл сайын 14 қараша күні аталып өтеді.
Алғашқы рет Дүниежүзілік диабет күнін 1991 жылы IDF пен ДДСҰ өткізген. Оның мақсаты - дүние жүзін диабетке қарсы күреске жұмылдыру.

Халықаралық логопед күні
Тіл мүкістігі тек балаларда ғана емес, ересектерде де кездесуі мүмкін. Сол кезде көмекке логопедтер келеді. Олар кез келген жастағы науқастың дұрыс сөйлеуіне көмектеседі. Бұл дүниежүзілік мереке адамдардың ешқандай кедергісіз сөйлесуіне септігін тигізіп, қуаныш сыйлап жүрген мамандарға арналған.

1944 жылы Грузия КСР-нен месхетиндік түріктердің депортациясы (сондай-ақ күрдтер, хемшилдер мен мұсылман месхилер де қоныстандырылды ) басталды. Месхетиндік түріктер Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан аумағына күштеп көшірілді. Барлығы 115,5 мың адам қоныс аударған. Депортацияланған месхетиндік түріктер тұрғылықты мекенжайын ауыстыру құқығы жоқ «арнайы қоныстанушылар» ретінде Орталық Азияның үш республикасының елді мекендеріне жіберілді.

2006 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен АҚШ Елшілігінің ресми ашылу салтанаты болып өтті.

2008 жылы Баку қаласында қазақстандық «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен «SOCAR» (Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы) Қазақстанндық Каспий тасымалдау жүйесін құру туралы келісімге қол қойды. Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесіне (ҚКТЖ) «Ескене-құрық» мұнай құбырының құрылысы және Транскаспий жүйесін (Құрық-Баку) құру кіреді.
14 қараша 2019 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области