Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

24 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік жүрек күні
2001 жылдан
бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен Жүрек ауруларының қауіптілігін насихаттау мақсатында атап өтіледі.

Бүкіләлемдік теңіз күні
1978 жылы
БҰҰ Бас Ассамблеясы Х сессиясының шешімімен қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу.

1934 жылы Ұйғыр музыкалық комедия театры құрылды. Театр 1941-1961 жылдары Еңбекші қазақ ауданында болған, кейінірек Алматы қаласына қоныс аударған. 1964 жылы атауы Республикалық ұйғыр музыкалық драма театры деп өзгерген.

1993 жылы ТМД мүше-елдерінің мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің басшылары ТМД-ға мүше-елдерінің экономикалық өзара қарым-қатынасының жаңа мазмұны толтырылған 18 құжатқа қол қойды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ТМД елдері арасындағы жаңа өзара тиімді экономикалық қатынасты қалыптастыратын Экономикалық одақ құруды атап өтті.

1997 жылы Франция ұлттық типографиясында жаңа қазақстандық пошта маркасы жасалды. Онда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың суреті мен республика картасы бейнеленген.
24 қыркүйек 2019 ж. 466 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области