Картоп пен сәбізді кімдерге жеуге болмайды?

Ресейлік диетолог Елена Соломатинаның айтуыеша, қатты көкөністерді шикі күйінде жегенде сақ болу керек екен. Мәселен тұрып асқазан және ішек ауруларына әкеп соқтыратын көрінеді. Тұрып тұқымдас көкөністердің ішінде денсаулыққа ең пайдалысы – шалғам дейді олар.
Ал картоп пен сәбіз сияқты құрамында крахмал көп көкөністерді қант диабетіне шалдыққан адамдар жиі пайдаланбауы тиіс екен. Себебі артық крахмал диабетпен сырқат жандардың қанындағы қант мөлшерін көтереді.
Ал бұл өз кезегінде адамдардың өмір жасының қысқаруына әкеп соқтырады. Сонымен бірге картоптан артық салмағы бар адамдар да бас тартқан жөн. Сәбіз керісінше толық адамдарда жақсы қорытылып, денсаулықтарын дәрумендермен байыта түседі екен.
Диетологтың сөзінше картопты пеште пісірсе, оның құрамындағы калий сақталып, ол қан қысымының азаюы мен жүрек жұмысының жақсаруына септігін тигізетін көрінеді.
Маман сондай-ақ атеросклероз бен ішек обырына шалдыққан жандар аталған көкөністерді шикі күйінде жеуі керек деген пікір айтқан.
Себебі олар ағзадағы токсиндер, эндотоксин мен холестериннің шығарылуына көмектеседі.