Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қолдан жасалған банкнотаны қалай ажыратуға болады?

Қолдан жасалған банкнотаны қалай ажыратуға болады?

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Ұлттық валюта күні қарсаңында ҚР Ұлттық банкінде түпнұсқа банкнотаны қалай жалған ақшадан ажыратуға болатыны түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Банк өкілдерінің айтуынша, ел ішінде көбінесе 2011 жылы басылып шыққан номиналы 5000 теңге болатын банкнотаның жалған нұсқалары жиі кездеседі.
Жалған теңге компьютерлік технологияның көмегімен жасалады.
Ақшаны ажырату үшін бірнеше ережені білу керек.
1. Ең алдымен банкнотаны ұстағанда, қағаздың шықырлақтығы басты белгі болады. Ақшада арнайы мөр басылады. «Қазақ Елі» монументінің бейнесі тұсында рельеф болады. Барлық банкнотада бұл рельефтер көзі нашар көретін зағип жандар үшін салынған.
2. Банкнотаның түсі анық, айқын әрі қанық болуы тиіс. Жарыққа қойып қарағанда су белгісін, номиналдың цифрлық бейнесін көруге болады. Сонымен қатар, банкнотаның шетіндегі магниттік жолақ болуы тиіс. Бұл жолақ жарыққа қарағанда тұтас боп көрінуі керек.
3. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10 000 және 20 000 теңге болатын банкноталарды теріс аударғанда түсі құбылып тұратын сурет болады. Банкнотаны аударып төңкергенде бұл түс жасылдан алтын түске дейін құбылады. Осы белгілерді 5 секунд ішінде анықтап көруге болады. Бұл азаматтарды алаяқтардың қармағына түсіп қалудан қорғайтын қарапайым тәсіл.

15 қараша 2019 ж. 300 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области