Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жолақ киімді қалай киген дұрыс: 2019 жылдың өзекті трендтері

Жолақ киімді қалай киген дұрыс: 2019 жылдың өзекті трендтері

Жолақ киімдер бірде сән сахнасында салтанат құрып, кеңінен танылса, енді бірде, мүлде көрінбей кететін. Әрбір онжылда жаңарып, түрлі сипатқа ие болып қайта оралып жүрді. 1960 жылдары алғаш рет қанық түстерден тұратын жолақ көйлектер сәнқой сұлулардың жүрегін жаулаған еді. 1970 жылдары бұл принт тек ерлер үшін жаралған деп, әйелдер қауымы түгел бас тартты. 1980 жылы қайта оралып, жолақтары ірі киімдерді бір түсті киіммен үйлестіріп кию сәнге енді. Бұл қазірге дейін дизайнерлер арасында өзектілігін жойған жоқ.
Көптің арасынан ерекшеленіп көрінгіңіз келсе, жолақ киімдерді таңдаңыз. Ол биылда сәнді. Жолақ көлденеңнен бе, әлде тігінен де ол өз дене бітіміңізге байланысты, ең бастысы – түсі. Стилистер осы жазда тым қанық, ашық түстерден алыс жүру керек дейді. Барынша жайлы түстерді таңдаған дұрыс.
Жолақ киімді қалай, немен үйлестіреміз?
Модельерлер көптеген үлгі ұсынады. Дегенмен, жолақты үйлестіріп кию – тұтас бір өнер. Ең ұтымды шешім – тік (ақ-қара, қара-фуксия) жолақты футляр көйлек. Айтпақы, қара-фуския түстегі жолақ киімдер биылғы жазда сәнді болмақ.
Мүсінге сай принт таңдаймыз:
Егер толық денелі болсаңыз, онда барынша жіңішке жолақты таңдағаныңыз дұрыс. Тігінен түскен сызықтар сізді жинақы етіп көрсетеді.
Егер арық көрінгіңіз келсе, онда қара түсті футляр көйлек таңдаңыз. Оның жолағы жанында орналасуы тиіс және ашық түсті болуы керек.
Толықша келген сұлулар көлденең түскен жолақ киімді таңдамағаны жөн. Ол сізге бірнеше килограмм салмақ қосып береді.
Жолақ жейде, пиджак және футболка
Егер пиджак жолақ болса, онда шалбардың түсі принттегі екі түстің біріндей болсын. Немесе екі киімнің матасы бірдей болуы керек.
Жолақ футболка джинспен жақсы үйлеседі. Джинс пен жолақтың бір түсі сәйкес болса, тіпті, керемет.
Жолақ аяқ киім немесе сөмке жаздық образыңызды аша түседі. Ол кезде киіміңіз жолақтан емес, бір түсті болуы керек.
Жолақ шалбар
Принтті шалбар не белдемше таңдайтын кезде мұқият болыңыз! Жолақ шалбар сырт көзге аяқты қисық етіп көрсететіні бар. Сонымен қатар, кей жолақ шалбарлар аурухана киімін еске түсіреді. Одан да сақ болып жүріңіз! Егер аяғыңыз мінсіз болмаса, онда жолақ шалбар турады ұмытқаныңыз дұрыс. Оқтай түзі болса, мархаббат! Үлгі ретінде бірнеше нұсқаны назарларыңызға ұсынамыз.

Дереккөзі: Reactor
07 қыркүйек 2019 ж. 458 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области