Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді мемлекеттік қызметшілер ауылға жіберіледі

Енді мемлекеттік қызметшілер ауылға жіберіледі

Kyzylorda-news.kz. Ауылды жерлерде әкімдікте жұмыс істейтін мамандар тапшы. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметшілерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ауылда кадр жетіспеушілігін шешу үшін мемлекеттік қызметшілерді "Дипломмен ауылға" жобасына қосуды ұсынамыз. Барлық ұсыныстар біз әзірлеп жатқан заң жобасында қарастырылады", - деді Дәленов мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Ресми мәліметке сәйкес, ауылдық әкімдіктерде 450 орын бос тұр. Кадр жетіспеушілігі барынша байқалады. Ал мемлекеттік қызметшілер жалақының төмендігін сылтау етіп, ауылға барғысы келмейді.
"Ауылға баратын мамандарды қолдау қажет. "Дипломмен ауылға" бағдарламасында мемлекеттік қызметшілер болуы тиіс. Осы бағдарлама 2009 жылдан бастап қолға алынды. Содан бері 60 мыңнан астам маман қолдау тапты. Соның ішінде 27 мыңнан аса маман тұрғын үй алған. Ауылға келетін мамандарға 250 000 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға 4 миллион теңгеге дейін 0,01 процентпен кредит беріледі", - деп атап көрсетті Дәленов.
Министрдің сөзіне қарағанда, жыл сайын "Дипломмен ауылға" бағдарламасына республикалық бюджеттен 14 миллиард теңге бөлініп тұрады. Президенттің тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап қаржыландыру көлемі 20 миллиард теңгеге дейін өседі.
19 қараша 2019 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области