Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҰМЫСТЫҢ КӨЗІ – АУЫЛДА

ЖҰМЫСТЫҢ КӨЗІ – АУЫЛДА


Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Қазіргі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмыс іздеуші мамандар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Бағдарлама басталғалы 5 жылға жуық уақыт өтті. Бір қуанарлығы, шалғайдағы ауылға да білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда.
«Дипломмен-ауылға» бағдарламасының мақсаты – ауылдық жердегі кадр тапшылығын бір жола жою. Сондай-ақ, жұмыс іздеген жастарға да қолайлы болып отыр. Елбасы: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл. Қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын шағын шаруа қожалықтарын, қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» – деп айтқан болатын.
Ауылға келген жас мамандарға ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына да жеңілдетілген несие беріліп келеді.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандар, яғни денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені жұмыс жасауда.
Аталған сала бойынша ауылдық елді мекендерге тұрақты жұмысқа орналасқан мамандарға мемлекет тарапынан жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу 15 жылға дейін, 0,01% жылдық мөлшерiнде белгіленген.
Жобаның түпкі мақсаты – жастарды тек ауылға тұрақтандыру ғана емес, оларды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, ұжымда еңбек ете білуге дағдыландыру, ауыл өмірінің позитивті өзгеруіне белсенді түрде ықпал етуіне мүмкіндіктер. Жастарды шалғай ауылдарға тұрақтандыру үшін бұл бағдарламаға ауқымды өзгеріс енгізіп, әлеуметтік сипатын жаңғырту қажет.
Иә, Елбасының бастамасымен баспаналы болған мыңдаған жас бүгінде туған ауылында алаңсыз аянбай еңбек етуде. Бір де бір мемлекетте баламасы жоқ бағдарламаның шарапаты еліміздегі әлі де талай жастарға пайдасы тиетіні анық.
«Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері, «Дипломмен-ауылға» жобасы бойынша әр маманға 3607500 теңгеден берілуде. Мәселен, Шиелі ауданы бойынша осы жылы 73 маманға қаржы бөлінді. Сәуір-маусым айында өткен комиссияның отырысында 31 маманға 110725500 теңгеден бюджеттік кредит беру туралы шешім шығып, жұмыстар жасалған. Қазіргі таңда, бюджеттік кредит алу үшін 249 маман кезекте тұр. Биыл білім беру саласынан 16 маман қабылданса, денсаулық сақтау саласы бойынша 15 маман жұмысқа орналасты» – дейді Шиелі аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков.
30 шілде 2018 ж. 784 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области