АУЫЛДА ЖАС МАМАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ
Биыл облыс бойынша «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасқан 199 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы үшін 235,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының есебінде айтылады.
Сонымен қатар, 537 маманға жеңілдетілген несие беруге 1827,7 млн. теңге Жоспарға сәйкес бөлінген қаржылар сәуір айынан бастап игерілді.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанға 198 маманға 31,4 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Басқарма қызметкерлерінің дерегінше ауылға барып жұмыс істеуге бел байлағандар қатарына білім саласының мамандары көп. Осы жылдың өзінде ауыл мектептері 144 жас маманмен толыққан. Ауылдардағы денсаулық сақтау саласына осы жылы 53 маман барды. Сондай-ақ, жастар елдімекендердегі мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп салаларына да барған.
Сондай-ақ, жыл басынан 535 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1753,6 млн. теңге игерілді.