Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ


    Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов Төребай би ауылында есепті кездесу өткізіп, былтыр атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар-жобалар жайын баяндады.
     Өткен жылғы есепті кездесуде ауыл тұрғындарынан «Балажарма» каналын «Қос төбе» каналына қосу арқылы ауылға аяқ су келтіру, егіс көлемін ұлғайтып, мал жайылымдық жерлер дайындау, ауылға балабақша салу, сонымен бірге «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінен ауылға дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізу және ауыл орталығына мобильді байланыс орнату сияқты мәселелер көтерілген болатын.
    Аталған ұсыныстар бойынша «Балажарма» каналы арқылы 1,5 текше метр аяқ су беріліп, «Үсентай» каналының жанындағы мемлекеттік қордағы жерді жалға алу арқылы «Шабан ата», «Орныққан», «Шахзада», «Төкен ата» шаруа қожалықтары және осы шаруашылықтар арқылы ауыл тұрғындары көкөніс, бақша дақылдарын екті. Сондай ақ, 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақша құрылысы басталды. Мобильді байланыс үшін ауыл орталығына антенна орнатылып, сол арқылы Kcell-Activ байланысы іске қосылды.
    Ауыл тұрғындарының тағы бір тілегі аудан орталығына қатынайтын жолды жөндеу болатын. Осы мақсатта биыл облыстық бюджеттен 488,8 млн.теңге қаржы бөлініп, жол жөнделеді.  
     Сонымен қатар, өткен жылы БҰҰ-ның Даму жоспарының негізінде округ орталығындағы Жеңіс көшесінен ойын алаңы, №199 орта мектеп жанынан жылыжай салынса, медициналық фельдшерлік пункт ел игілігіне пайдалануға берілді. Елді мекенді көркейту, көгалдандыру және абаттандыруға қаралған қаржы арқылы ауылға аяқ су келетін «Келте арық» каналы, ауыл ішіндегі аяқ су жолдары тазартылды, Сырдария өзенінің сағасына насос орнатылып, аяқ су мәселесі толық шешілді.  
     Ауылдық округте салық органына тіркелген 47 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. 2017 жылы мүйізді ірі қара малын өсіру, бордақылау мақсатында «Жосалы Даму» ауылшаруашылығы өндірістік копперативі құрылып, оған 23 адам мүше болып тіркелді. Кооператив ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Береке» бағдарламасы арқылы 443 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды.

23 қаңтар 2018 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области