Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде жерді тиімсіз пайдаланған шаруалардың қара тізімі жарияланады

Елімізде жерді тиімсіз пайдаланған шаруалардың қара тізімі жарияланады

Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер иеленушілердің ашық тізімін жасауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біріншіден, біз "ашық жер иеленуші" принципін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ондайда егістік пен жайылым жерлеріне қатысты барлық ақпарат ашық жарияланады. Осының арқасында жер иеленушілердің жауапкершілігі артады. Тәртіп болады", - деді Омаров астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Бұдан бөлек, жауапсыз жер иеленушілердің "қара тізімін" жасау жоспарланған. Оған жерді тиімсіз игеріп жатқан шаруалар енгізіледі.
"Ал "қара тізімге" енгендерге мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Біз ондай кәсіпкерлерге көмектеспейміз. Тізімді жылдың соңына дейін жариялаймыз деп ойлаймын. Қазір тиісті материалдар облыстық әкімдіктерге жіберілді", - деп атап көрсетті Омаров.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстан бойынша 2,2 миллион гектар ауыл шаруашылық жерлері игерілмей жатыр. Қазіргі кезде осы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары атқарылып келеді.
"400 мың гектарға қатысты материалдар сотта қаралып жатыр. 1,2 миллион гектар бойынша қосымша тексеріс жұмыстары атқарылып, тиісті материалдар сотқа дайындалып жатыр. Ал 600 мың гектар жерге қатысты бақылау шаралары қолға алынды. Біз ол жерлерді пайдалану жағын тағы тексеріп жатырмыз. Осыдан кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі", - дейді министр Омаров.
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін 1 миллион 137 мың гектар жер қайтарылды. Мұның барлығы ірі агрохолдингтердің меншігі болған. Бүгінде ол жерлер отандық инвесторларға таратылды.
19 қараша 2019 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области