Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жаңа су қоймасы салынады

Қызылордада жаңа су қоймасы салынады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елдегі су қоймаларының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Су шаруашылығы саласында төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және су қоймасының қауіпсіз жұмыс істеу режиміне қол жеткізу мақсатында апатты жағдайдағы 41 су қоймасын реконструкциялау көзделген. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 нысан қалпына келтірілді. Апатты жағдайдағы 6 су қоймасын реконструкциялау 2019 жылы аяқталады, 5 су қоймасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, қалған 21 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - деп атап өтті министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша, 3 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау және ерекше апатты жағдайдағы 1 нысанды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Бұл Батыс Қазақстан облысында 61 мың адам тұратын 16 ауылдық елді мекеннің шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтары үшін сумен қамтамасыз етуге, 100 мың бас қойға немесе 25 мың бас ірі қара малға арналған 180 мың гектар жайылымды суаратын қосымша су шаруашылығы инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл Қызылорда облысында 48,5 мың гектар, Түркістан облысында 5 мың гектар, Жамбыл облысында 6,8 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік берді», - деді С.Омаров.
ҚР АШМ 2019 жылы 10 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау жоспарланған.
Сонымен бірге, республиканың 7 облысында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары) жаңа 22 су қоймасын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.


18 маусым 2019 ж. 366 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области