АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН
Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту бағытындағы ең үлкен жетістік, апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарын толық баспанамен қамтылуы.
Айталық, 2013 жылдың басынан есептегенде қалада 671 отбасы жалғыз баспанасы аппатты жағдайдағы азаматтар ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген.
Мәселені шешу мақсатында жергілікті билік тарапынан ауқымды жұмыстар жасалып, 2013 жылы 24 пәтерлі 1 үй, 2015 - 2016 жылдар аралығында 60 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2017 жылы Жаппасбай батыр көшесі және Титов қыстағынан 50 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға берілген.
Биылғы жылы Жаппасбай батыр көшесінен 40 пәтерлі 2 тұрғын үй, 50 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру арқылы 157 отбасы баспаналы болды. 2013-2018 жылдары аралығында қаламыздағы апатты жағдайдағы баспана тұрғындары ретінде кезекте тұрған 671 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табысталды.
Осы мәселені түбегейлі шешу үшін атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, заңды тұрғыда үйлерін апатты жағдайда екендігін растайтын құжаттарын ұсына алған, шын мәнінде баспанаға мұқтаж тұрғындарды 100 пайыз жаңа пәтерлермен қамтамасыз етілді.
Бүгінде Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты.