Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

ЖАҢА СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Жалағаш аудандық өнерді дамыту орталығында су шаруашылығына қатысты мекемелер өкілдері мен ардагерлердің қатысуымен «Қызылорда облысында суды жинақтау үшін Қараөзек арнасында су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздемесінің қоршаған ортаға әсерді бағалау бөліміне қатысты қоғамдық тыңдалым өтті. «Ариан Инвест» ЖШС өкілі Г.Молдабеков техникалық-экономикалық негіздеменің мақсатын және қоршаған ортаны қорғау бөлімімен таныстырып өтті.
Айта кетейік, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандары бойынша ағын су мәселелерін қарастыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Қызылорда облысында суды жинақтау үшін Қараөзек арнасында су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып отыр. Бұл техникалық-экономикалық негіздеменің мақсаты – Қараөзек арнасында жобаланатын гидротехникалық құрылымдар арқылы қыс, көктемгі су тасқыны кезінде арна бойындағы көлдер жүйесін суға толтырып, су қоймасына айналдыру және оны керек кезінде ауыл шаруашылығы егістіктері мен жайылымдық жерлерде суғаруға пайдалану.
Қоғамдық тыңдауда сондай-ақ, бұл жоба табиғатты қорғау заңнамаларын сақтап әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға үлес қосу керектігі сөз болды. Қорыта айтқанда, алдымыздағы 2020 жылы Қараөзек арнасында жаңа су қоймасы салынып, ел игілігіне қызмет ететін болады.
25 шілде 2018 ж. 665 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области