Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 21 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

21 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

1973 жылдан аталып өтеді. Бұл күнді өткізу идеясын Американың Небраска штатында тұратын ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак ұсынды. Бұл «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық белгісі болатын. «Қарапайым да тиімді амал табу қажет», - деп шешкен жігіттер ақжарқын көңілмен әлемнің түкпір-түкпіріне сәлем хаттар жөнелтеді. Олардың идеясы қолдау табады. Содан бастап жыл сайын 21 қарашада Бүкіләлемдік сәлемдесу, қуаныш, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күй күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік телевизия күні

1996 жылы 21 қарашада БҰҰ штаб-пәтерінде өткен тұңғыш Дүниежүзілік телевизия форумының құрметіне сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған.

2013 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бас ассамблеядағы дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау бойынша Конвенциясының аясында Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелерін сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, ЮНЕСКО аясында жүргізілген шара, белсенді жұмысты сәтті жүргізудің нәтижесінде және оның түрлі органдарының арқасында Қазақстан бірінші рет 2013-2017 жылдарға арналған кезеңге Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі болып сайланды.

2014 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға «Мама» естелік монетасын шығарды. Алтын жалатылған және номиналы 500 теңге күміс монеталарда адам құндылығын көрсетуге арналған «Жүректен жүрекке» сериясына жатады.

2015 жылы Голландияның Роттердам қаласында Қазақстан астанасының құрметіне «Астана» алаңы ашылды.

2016 жылы Қазақстан Республикасында баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» тегін желісі жұмыс істей бастады. Аталған нөмірге хабарласқан бала өзінің құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
21 қараша 2019 ж. 257 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области