Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада заң бұзған мемлекеттік қызметкерлердің саны 3,3 пайызға азайды

Қызылордада заң бұзған мемлекеттік қызметкерлердің саны 3,3 пайызға азайды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында мемлекеттік органдарға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 49 заң бұзушылық анықталды.Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзу дерегі 3,3 пайызға азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев мәлімдеді.
"Орын алған заңбұзушылықтар арасында әдеп нормаларын сақтамау,жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде және тиісінше қарамау, табыс және мүлік туралы салық декларациясын мерзімінде ұсынбағандар кездесті. Сондай-ақ, тәртіптік кеңесте 541 маман жауапқа тартылды. Мұнан өзге, мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істемеуі басты назарға алынып, 43 мемлекеттік органда компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйелері орнатылды", - деді Нұрман Талқанбаев.
Сонымен қатар, сала мамандары облыс және аудан орталықтарында 250-ден астам тұрғынның қатысуымен жеке қабылдау өткізді.
21 қараша 2019 ж. 301 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области