Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Адамның аяқ-қолының ұйығаны неден хабар береді?

Адамның аяқ-қолының ұйығаны неден хабар береді?

Kyzylorda-news.kz. Біз жүйке жүйесі арқылы қоршаған ортадан ақпарат аламыз.
Аяқты айқастырып ұзақ отырғанда, не ыңғайсыз отырып қалғанда ол ұйып қалады.
Аяқтың ұюы ғылыми тілде «парестезия» деп аталады. Парестезия – дененің жансыздануы, шаншып ауыруы, дене түршігуінен сезімталдықтың бұзылуы.
Біз жүйке жүйесі арқылы қоршаған ортадан ақпарат аламыз. Теріміз, бұлшықетіміз, буынымыздың әрқайсысы жүйке талшықтарынан құралған. Бұл ағзалар шеткі жүйке жүйесі деп аталады, әр нәрсені ұстап көрген кезде осы мүшелердің әр талшығы әлемді тануға мүмкіндік береді.
Енді адам денесіне қолайсыз жағдайда ұзақ отырып қалды деп елестетіңіз. Осы кезде жүйкеге аздап күш түседі. Қуат көзі бұзылады да, жүйке өзегінің қызметі төмендейді. Ал ағза сыртқы ортадан ақпарат алуды ары қарай жалғастыруы қажет. Адам орнынан тұрған кезде жүйке қуаты қалпына келіп, сезімталдығы арта түседі. Осы кезде аяқ, не қол ұйып қалғандай сезім туады.

23 қараша 2019 ж. 564 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области