22 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар
Мерекенің пайда болу тарихы белгісіз. Алайда бұл мереке бүкіл әлемде халықтың қолдауына ие болды, себебі барлық ата-аналар өз балаларына, ұлдарына - болашақ әкелерге бар жақсылықты тілейді, өмірлері махаббатқа жетістікке толы болса дейді. Сондықтан 22 қарашада барлық ата-аналар ұлдарын айтулы мейраммен құттықтайды.
1997 жылы Алматыда Қазақстан дәрігерлерінің І съезі өтті.
1998 жылы Алматыда ақын Хамит Ерғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында Астана бельгиялық Льеж қаласын артқа тастап, ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін қала болып таңдалды. Қазақстан елордасы ұсынған тақырып - «Болашақтың энергиясы» - энергияның баламалы көздеріне және «жасыл» технологияларға арналған. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілген алғашқы халықаралық көрме болды.
2016 жылы Астанада Қазақстанда жасалған» брендін басқару агенттігі құрылды. Оның аясында «Халық маркасы» 100 ұлттық брендті құру жобасы іске қосылды. Аталмыш жобаға танымал әртістер, спортшылар мен депутаттар да тартылды. Жаңа 100 ұлттық бренд тамақ өнеркәсібі, жиһаз, үй қажеттіліктері, киім-кешек және аяқ киім салаларында пайда болды.