Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 17 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

17 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні
Бұл күн 1865 жылғы17 мамырда алғашқы Халықаралық телеграф келісіміне қол қою жөніндегі келіссөздердің сәтті аяқталуына, сондай-ақ 1932 жылдан кейін Халықаралық электр байланысы одағына айналған Халықаралық телеграф одағының құрылуына орай таңдалды.

1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу туралы Жарлығы жарық көрді.

1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америкаға алғаш рет ресми сапармен барып, соның барысында Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу міндеттемелеріне қол қойды. 1992 жылдың 19 мамырында АҚШ және Қазақстан президенттерінің алғашқы кездесуі өтті.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев екі елдің қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Египет Араб Республикасының жоғарғы марапаты - «Ұлы Ніл» орденімен марапатталған еді.

2010 жылы Астанада балалар мен жастар үшін «150» нөміріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін тегін ұлттық сенім телефон желісі жұмыс істей бастады.

2013 жылы Парижде Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайы өтті.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт асуында 75 метр биіктікте EXPO-2017 логотипі орнатылды. Әр қанаты 10 метрді құрайтын логотип ЭКСПО- 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында қойылған.
17 мамыр 2019 ж. 598 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области