Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы жол апаты: Ауруханаға жеткізілген бала көз жұмды

Қызылордадағы жол апаты: Ауруханаға жеткізілген бала көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Кеше таңертең Қызылорда қаласындағы аялдаманың бірінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған бала қайтыс болды.
Оқиға орнынан 2 адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың бірі 10 жас шамасындағы бала.
«Бала көп жарақат алған. Бас сүйек-миы зақымдандан, оң жақ саны сынған, сол жақ жіліншігі сынған. Бала ауруханаға түскенде комада болды. Оны тыныс алу аппаратына қосқан болатынбыз», - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айбек Мырзағұлов.
Ал екіншісі 31 жастағы әйел қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол – қаза болған баланың анасы. Қазір реанимация бөлімінде жатыр.
«Баланың анасының жағдайы тұрақты ауыр. Қазір реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Онда саны, ортан жілігінің сүйегі сынған. Келесі аптада ота жасауды жоспарлап отырмыз. Ауруханадан шығару жөнінде айту әлі ерте, - деді Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Төлеген.
Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен.

22 қараша 2019 ж. 320 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области