Қызылордадағы апаттың куәгерлері сұмдық оқиға туралы айтты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында орын алған оқыс оқиғаға медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері куә болған.
Олар осы оқиғадан соң өздері жиі баратын аялдамада тұруға қорқып қалған.
«Біз сабақта отырғанда айқай-шу, тежеуіш дауыстарын естідік. Терезеге қарасақ аялдаманың жартысы жоқ, адамдар жерде жатыр. Қандай қорқынышты, өйткені біз де бұл аялдамада жиі тұрамыз ғой», - деді студент Нұрсат Тілеуов.
Айта кетейік, оқиға орнында екі бала мен бір ер адам көз жұмды. Ауруханаға жеткізілген 10 жасар мектеп оқушысы да өмірден озды.