Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр

Қызылордада ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада халықаралық стандарттарға сай бірегей ет комбинатының құрылысы басталды. Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов осылай деп мәлімдеді.
«Шетелге тірілей мал жіберуге немесе оны басқа облыстардың ет комбинаттары арқылы экспорттауға тура келеді, өйткені, өңірімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинаты жоқ. Бұл – шешуді қажет ететін тағы бір міндет. Сондықтан, биыл халықаралық стандарттарға сай келетін, өнімі экспортқа бағытталған ет комбинатының құрылысын бастадық. Комбинат жылына 5 мың тонна етті терең өңдейтін аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болмақ», - дейді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы құс шаруашылығы, сүт және етті мал шаруашылығы, жылыжай өндірісі, жеміс-жидек дақылдары өндірісі, майлы дақылдар өндіретін шаруашылықтар сияқты қалыс қалған салаларды дамытуды қолға алғанын жеткізді.
22 қараша 2019 ж. 275 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области